Выбор языка
Главная страница // Мемлекеттік рәміздері

PostHeaderIcon ҚР мемлекеттік рәміздері


flag

ТУ

Көгілдір түсті тудың сол жағында алтын түсті ұлттық өрнек, ортасында алтын түсті күн және шарықтаған қыран - Қазақстан Республикасының еркіндік, тәуелсіздік және символы болып табылады. Авторы – Қазақстанның танымал сәулетшісі және қоғамдық қайраткер, Ш.Уәлихановтың ұрпағы Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы төрт бұрышты көгілдір түсті мата, онда ортасында сәулесін төккен күн оның астында қалықтаған қыран бейнеленген. Сол жағында тігінен ұлттық өрнек бар. Сәулелі күн, қыран және тігінен ұлттық өрнек алтын түсті. Тудың енімен ұзындығы 1:2.

Интерпретация

Тудың бір түсті болғаны – Қазақстан бірлігінің символы.

Көгілдір түсі – түрік халықтары үшін дәстүрлі түс болып саналады. Туда ол көгілдір аспанның жер бетінің үстінде шексіздікті білдіреді, сонымен қатар жалпы береке, тыныштық, бейбітшілік және бірліктің символы болып табылады.

Күн – өмір және қуат көзі. Сондықтан күннің бейнесі өмірдің символы болып табылады. Көшпелі халық үшін күн қозғалысымен уақыт белгіленеді. Геральдика заңы бойынша күннің бейнесі байлық пен берекенің символы деп есептеледі. Сондықтан болар, тудағы күннің 32 сәулесі бидайдың түрінде – құт-берекенің негізі.

Қыран немесе бүркіт көшпенді халықтың санасында ерекше орын алады. Оның бейнесі Қазақстан жерінде тұрған халықтарды және этникалық топтардың елбаңбасы мен туында ежелден бері бейнеленген. Рәміздер тілінде қыранның бейнесі мемлекеттік билік, кең пейілділік және мергендікті білдіреді. Қазақ үшін ол бостандық, тәуелсіздік, мақсатқа, биікке, болашаққа сеніммен ұмтылу символы. Сонымен бірге, қыран орасан күшімен болашаққа жету үшін кедергі жасаған кез-келгенге қарсы тұра алады. Қыранның бейнесі тәуелсіз Қазақстанның әлемдегі жетістіктерге жету идясынан туды.

Тудың сол жағында алтын түсті қарапайым ұлттық өрнек – Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрін сомдайды.

 

 

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 35 гостей на сайте