Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

    Космонавтика күніне мұражай қызметкерлері жалпы білім беретін №1 мектеп оқушылары мен «Денисов кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК студенттеріне арналған «Қазақстан-космос айлағы» атты космос кеңістігін меңгеру тарихына экскурсия өткізді. Сынып сағатының жүргізілу барысында оқушылар космос кеңістігін игеру этаптарына көз жүгіртуге, Космосты меңгерудегі Қазақстанның стратегиялық рөлін бағалауға және атақты жерлесіміз М.Ф.Журавлевтің өмірбаянымен толығырақ танысуға мүмкіндік алды. Оқушылар мен студенттер космостық 10 тағам деректері туралы әңгімелеп айтатын деректі бейнероликке қызығушылық танытты.

1204201612042016 1

 

   Наурыз мерекесі қарсаңында 2016 жылдың 17 наурызда Денисов тарихи-өлкетану мұражайында «Төрлет, құтты Наурызым!» атты мерекелік іс-шара өтті. Осы шараға біздің Денисов жерінің ақ жаулықты әжелеріміз бен аналарымыз, № 3 Денисов орта мектебінің 9 сынып оқушылары шақырылды. Наурыз мерекесіне арналған іс-шараның басты мақсаты қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қастерлеуге, мейірімділікке, кішіпейілділікке, инабатттылыққа тәрбиелеу болды. Мұражай қызметкерлері ұйымдастырылған«Қош келдің, әз Наурыз!» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Мұнда Ұлболсын, Мағрипа және Рабиға әжейлер әр турға үлкен қызығушылықпен және белсенділікпен қатысты. Олар балалар мен қонақтарға, ертеректе қазақ халқы Наурыз мерекесін қалай қарсы алған туралы, қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы, қазіргі заманымыздың атақты, абыройлы азаматтары туралы айтып берді.
   Сонымен қатар іс-шара барысында келушілер «Шебердің қолы алтын» атты көрмесімен танысты. Мұнда Денисов кентінің тұрғыны нағыз шебер Мұхтарова Ақбала Жоламанқызы өзінің шығармашылық жұмыстарымен таныстырды. Олардың ішіндегі бірінен-бірі, көзді жауын алған бұйымдар: дорбалар, қоржындар, қобдишалар, құрақ көрпешелер және т.б. өз қолымен жасалған заттар.

2203201622032016 1

22032016 222032016 3

 

Масленицалық апта қарсаңында «Антонов негізгі мектебі» ММ бастауыш сынып оқушылары үшін мұражай қызметкерлері «Япырмай, Масленица!» деген этнографиялық мереке дайындады. Балалар славян халқының мерекелік сауық-сайран хақындағы мерекелеуі мен шығу тарихымен танысты, викториналар мен жұмбақтар сайысына белсене қатысты, ертедегі халық ойындарын ойнады. Этнографиялық мерекеге қатысушылар ептілік пен тапқырлық көрсетті, ең белсенді оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды. Масленицаның негізгі ерекше белгісі Күн, жылу мен көктемнің негізгі кейпін бейнелейтін- құймақ болып табылады. Көктемнің келуінің осы тамаша бейнелемесін балалар сүйіспеншілікпен ауыз тиді. Мерекенің аяғында ежелгі славяндардың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының ізімен, осы іс-шараның қатысушылары айнала шеңбер жасай жүріп, қарақшыны өртеп, Масленицаны шығарып салды.

1303201613032016 1

13032016 213032016 3

 

«Әуен. Көктем. Махаббат»... Осындай атаумен Денисов тарихи-өлкетану мұражайында 8 наурыз Халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Біздің қонақтарымыз әйел қолының сүйіспеншілігі мен дарынынан туындаған сәндік-қолөнер шығармашылығының мұражайдағы жаңа көрмелерімен танысты. Мерекелік кеште тамаша сазды шығармалар мен өлеңдер- көктем, табиғаттың гүлденуі, адамға махаббат жайлы – мәңгілік туралы фортепианалық этюдтер, әндер, романстар шырқалды.

0703201607032016 1

07032016 2

 

Қазақстан халықтарының Ассамблеясының құрылуы күніне орай Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлері «№1 Денисов орта мектебі» ММ 7 «А» сыныбы оқушыларымен «Қазақстан біздің ортақ үйіміз» атты фольклорлық зияткерлік іс-шара өткізді. Іс-шараға қатысушылар ертедегі славяндардың өнегесі мен тұрмысы туралы әңгімелейтін, орыс батырларының сол ерте кездегі батырлығының тұңғиығына батты. «Славян халықтарының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» фольклорлық зияткерлік ойынына сүйсінушілікпен қатысты. Фольклорлық интербелсенді іс-шараны өткізу нәтижесінде балалар орыстың ауызша және халықтық қолөнер шығармашылығына, біздің ата-бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына ат салысты.

24022016

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 47 гостей на сайте