Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

   2016 жылдың 14 қазанында № 2 ДОМ 9 сынып оқушылары үшін мұражай қызметкерлерімен ақын, жазушы, аудармашы, мәтінші, қоғам қайраткері және Қазақ ССР Мемлекеттік Әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедхановтың 100 жылдығына арналған лекция өткізді.
   Оқушылар көрнекті ғылыми абайтану және шәкәрімтану негізін қалаушы Қайым Мұхамедхановтың өмірі мен шығармашылығы жайында танысты, көптеген белгілі қоғам және мәдениет қайраткерлерінің аттарын және олардың шығармашылығын ұмыту қараңғылығынан қайтарған . Қайым Мұхамедханов Семейде Абайдың тұңғыш музейін қалады, ол Абайдың, Шәкәрімнің «Алаш» партиясы негізін қалаушыларының біртума сөзін сақтап қалдырды, оларға тыйым салғанда, сол уақытта олардың аттарын және шығармашылығын мәңгі есте сақтау үшін күресті.
   Іс-шараның қорытындысында Қайым Мұхамедхановтың қайғылы тағдыры туралы «Біртумалар тарихы» деректі фильмі көрсетілді.

1410201614102016 1

 

   Мүмкіндігі шектеулі жандар мерекесі күні қарсаңында Денисов тарихи – өлкетану мұражайы «Мұражай достарын қарсы алады!» атты акциясын өткізді.
   Осы күні бізге рухани күшті, қайырымды, жайдары, ойсаналы өте жақсы кісілер келді.
Мұражай қызметкерлері танымдық бағдарламаны дайындады, мұнда қазақ және славян халықтарының этнографиясы бойынша, табиғат залы бойынша тақырыптық экскурсиялар, викториналар, ойындар енгізілді. Сонымен қатар қонақтар қазақ халқының өнерімен және С.В. Пятак шеберінің сәндік – қолданбалы көрмесімен танысты.
   Бізге өз ризашылығын білдірген қонақтар үлкен қызығушылықпен мұражай экспозициясымен, экспонаттарды қарап шықты, сұрақтар қойды, қазақ халқының ұлттық ойындарын ойнады, киіз үйде және орыс халқының баспанасында викторина сұрақтарына жауап берді. Викторина қорытындысы бойынша ең ойсаналы жеңімпаздарға шағын тәтті сыйлықтар үлестірілді. Бірақ ең бастысы – өмір қиындығын лайықты жеңген, жақсы кісілер кездесуінің қуанышы.
   Қонақтар да, мұражай қызметкерлері де осындай шешімге келді, бір іс-шарамен шектелмей, мұражайдың бүкіл мерекелеріне келу және рухани күшті кісілердің сәндік – қолданбалы көрмесін мұражайда өткізу.

0710201607102016 1

07102016 207102016 4

07102016 3

 

2016 жылдың 5 қазанында Денисов тарихи-өлкетану мұражайында Перелески к. «Балдаурен» балабақшасының жоғарғы топ тәрбиеленушілері үшін «Киіз үй - асыл мұра» этнографиялық сабағы өткізілді.
Кішкентай келушілер көшпенді халқының көне үйі туралы, қазақ киіз үйінің сәнді жиһаздары туралы, қазақтардың күнделік өмірінің заттары мен бұйымдары туралы біліп алды. Мұражай қызметкерлері ежелден бергі біздің елімізден алыс жат жерде даңққа бөленген, қазақ халқының қонақжайлық дәстүрі туралы айтып берді.

0510201605102016 1

05102016 205102016 3

 

 Біз – Қазақстан халқымыз!

  Қазақстан халықтарының тілдер күні қарсаңында Денисов кәсіптік-техникалық колледж студенттеріне арналған Денисов тарихи-өлкетану мұражайының қызметкерлерімен тілдер фестивалі өткізілді. Олар үшін мұражайда 5 ұлттық-мәдени орталықтар: қазақ, өзбек, славян, неміс, Кавказ халықтарының мәдени орталығы жұмыс істеді.
   Іс-шара аудандық мәдениет Үйінің солисттерінің «Туған жер» өлеңі орындауында салтанатты ашылды.
   Мұражай қызметкерлері Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің туған тілінде қонақтарды қарсы алды, көптеген халықтар үшін Отан болған, біздің Қазақстанымыз туралы, туған жер туралы мақал-мәтелдерді, өлеңдерді жатқа айтып берді, тілдер мерекесімен құттықтады. Содан соң келушілер ұлттық-мәдени орталықтар бойынша саяхатқа аттанды, мұнда олар ұлттық өлеңдер естіді, әр ұлттың мәдениеті бойынша көп қызықты мәліметтер біліп алды, викторина сұрақтарына жауап берді. Мұнда балалар өзінің ойсанасын және білімпаздығын көрсетті.

2309201623092016 1

23092016 223092016 3

 

    Денисов тарихи – өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасының Ата Заңы күніне арналған келесі іс-шаралар өткізілді: «Конституция келешектің кепілі» көрмесі және «Ата заңымыз туралы сөз» заң тарихына саяхат.
   Мұражай фойесінде ұсынылған көрмесі, Қазақстан Республикасы Ата Заңымыздың басты баптары туралы, еліміздің әр азаматының құқықтары мен міндеттері туралы, біздің еліміздегі құқық институтындағы сабақтастығы туралы айтып берді.
   «Денисов кәсіптік-техникалық колледжі» КМҚК 1 курс студенттеріне арналған «Ата Заңымыз туралы сөз» құқық тарихына саяхат өткізілді.
   Іс-шараның басында, Қостанай облыстық мәслихаттың атынан құттықтау сөзімен, Денисов тарихи-өлкетану мұражайы директоры, облыстық мәслихат депутаты Таран Н.И. сөз сөйледі.
   Мұражай қызметкері Аманжолова Ә. Б. студенттерге құқық тарихына экскурс жасады, Ата Заңымыздың негізгі ережелерімен таныстырды, тағы бір мәрте біздің Республикамыздың азаматтарының құқықтары мен міндеттерін еске түсірді. Балаларға Қазақстан Республикасы Ата Заңы беттерінен «Умники и умницы» атты интеллектуалды-танымдық ойынына қатысу ұсынылды, олар ойын барысында өздерінің жақсы білімдерін көрсетті. Іс-шараға көрсетілім, бейнематериал дайындалды.

3008201630082016 2

30082016 330082016 4

30082016 1

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 65 гостей на сайте