Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

2016 жылдың 16 қарашасында Денисов тарихи-өлкетану мұражайы мен аудандық балалар кітапханасында «Жемқорлық деген не? Жемқорлықпен күрестің принциптері» тақырыбына лекция оқылды. Іс-шара қатысушылары біздің еліміздің 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы әрекет ету Бағдарламасының негізгі ережелерімен танысты, жемқорлық деген –бұл Қазақстанның экономикалық дамуы жолындағы кедергілер мен қоғамның мемлекетке деген сенімін жоятын зор қатер екенімен келісті. Қызығушылық тудырған кездесу болды, мерзімдік басылымдарда жемқорлыққа қарсы тақырыптарды жарыққа шығаруға байланысты сұрақтар қойылды.

16112016 4

 

«Бір қадамға алдын орап кету»

Денисов тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері терроризмнің алдын алуға байланысты «Бір қадамға алдын орап кету» атты лекциялар топтамасын жүргізді. Лекциялар кәсіптік-техникалық колледж бен Антонов орта мектебінде оқылды. Балалар террористік түрлі қауіп деңгейі кезіндегі негізгі ережелер туралы білді, ҚР ХҚК Терроризмге қарсы орталығымен дайындалған «Террорға қарсы. Тұрғындардың алғашқы дайындығы» көрсетілімін және «Бір қадамға алдын орап кету» фильмін қарады.

1611201616112016 1

16112016 216112016 3

 

 

«Ыбырай Алтынсариннің ұлы мұрасы»

   Ыбырай Алтынсариннің 175 жылдық мерейлі тойы аясында Денисов тарихи-өлкетану мұражайы «Ыбырай Алтынсариннің ұлы мұрасы» іс-шаралар топтамасын өткізуде.
Негізгі мақсаты- балаларға қазақ халқының ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсарин туралы, оның қазақ қоғамында алатын орны, ағарту ісі мен әдебиетке қосқан үлесі жайында әңгімелеу.
   Студенттер «Ыбырай Алтынсарин – ұлт мақтанышы» көрсетілімін,
«Ы. Алтынсарин атындағы мемориалды мұражай» бейнефильмін қызығушылықпен қарады. Жиналғандар назарына Жоғары Тобыл мәдениеті мен тарихы Лисаков мұражайының «Ыбырай Алтынсарин –педагог және ағартушы» көшпелі көрмесі ұсынылды.
   Оқушылар бірауыздан Алтынсарин қиын уақытта өмір сүріп, еңбек етті, бірегей жеке тұлға ретінде, сол кездің қиын жағдайына қарамастан халықтық мектептердің тұтас жүйесін ұйымдастыра білген деген тұжырымға келді, балалар Ыбырай Алтынсарин білім жүйесіне баға жетпес үлес қосқан біздің жерлесіміз екендігін мақтан етеді. Қазіргі уақытта мұражайда «Ыбырай Алтынсарин – педагог және ағартушы » көрмесі жұмыс істеуде.

1511201615112016 1

15112016 2

 

   2016 жылдың 26 қазанында №2 Денисов ОМ мұражай қызметкерлері «Қазақстан тарихындағы ұлы әйелдер» атты лекция өткізді. Лекцияда түрлі тарихи замандағы өз Отанын қорғаған батыр әйелдер, Қазақстанның спорттағы, саясаттағы әйелдері, ұлы әншілер, әртістер және бишілер туралы айтылды. Балалар біздің еліміздің тарихынан көптеген атақты адамдарды еске түсірді, Қазақстан әйелдерінің әлем көлеміндегі қызықты деректерін білді.

  26102016 1

   2016 жылдың 26 қазанында Денисов кәсіптік колледжінде «Қазақстандық Аркаим: ашылулар мен гипотезалар» атты лекция оқылды. Студенттер Денисов ауданындағы осы таңғаларлық археологиялық ескерткіштің ашылу тарихы туралы, қола дәуірі заманындағы ежелгі андроновшылардың өмір деңгейі туралы білді. Келушілер қала-шеберхана, қала- ғибадатхана, қала- обсерваториялардың құпияларымен танысуға, қазіргі тарихшылардың гипотезалары туралы білуге мүмкіндік алды.

26102016

 

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Денисов тарихи-өлкетану мұражайы біздің Отанымыздың тәуелсіздігінің басты оқиғасына арналған «Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік» атты мерекелік бағдарлама әзірледі.
   Мерекелік іс-шара Ұлт көшбасшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевқа арналған «Мемлекеттің негізін қалаушы: құрылғанына 25 жыл» фотокөрме көрсетілімімен жалғасты.
   Көрмеге келушілердің назарына тоғыз автор Бағдат Ахметбеков, Сергей Миронов, Ермұрат Бекмұхамбетов, Игорь Вальтер, Иван және Никос Мармалиди, Георгий Шаповаловтар өздерінің 30 дан астам фотожұмыстарын ұсынды. Бұл әр түрлі жанрдағы фотосуреттер- репортаждық түсірілімдер,фотоколлаждар, портреттер мен тақырыптық суреттер. Фотошеберлерінің әрбір жұмысының мазмұны мен тарихи маңызы қызықты. Көрменің ашылуы аудандық Мәдениет үйінің әртістерінің орындауындағы сазды патриоттық нөмірлермен астасты. Көрмеге келушілер тек фотошеберлердің жұмысымен ғана танысып қойған жоқ, сонымен бірге Тәуелсіздік жылдарындағы біздің еліміздің жетістіктерін де көрнекі түрде көрді.

22102016

22102016 1

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 79 гостей на сайте