Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

МҰРАЖАЙДАҒЫ ТҮН - 2017


   19 мая 2017жылдың 19 мамырында Денисов ауылы тұрғындары мен қонақтары «Мұражай түні» халықаралық мұражайлық акциясында бас қосты.
   Біздің түнгі келушілеріміз қолөнер кәсібі мен сәндік-қолданбалы өнер әлемінің тұңғиығына енді.Қазақ халқының этнографиясы залында ылғи шеберлер ұлттық тұрмыстық бұйымдар- дорба, қоржын, көрпеше тікті. Басқалары аскан ептілікпен нағыз қой жүнін қоқысынан тазартып, тарап, шүйкелеп, ежелгі құрал- тарақ, иіретін-ұршықты пайдаланып, өңдеп,түтті.  Ең бастысы, жүн түтудің ежелгі тәсілдерімен жүнді өңдеу мен сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын жасауға барлық тілек білдірушілер қатыса білді.
   Славян этнографиясы залында халық кестелерінің орталығы ұйымдастырылды. Біздің жергілікті кестелеу шеберлерінің жұмыстары ұсынылды, және ежелгі халықтық салт-дәстүрлеріндегі кестелеу бойынша шебер-сыныпқа қатыса алды.
   Мұражайда біздің ең кішкентай талпынғыш келушілеріміз археологиялық артефакт таба алатындай , ұнаған кез-келген жәдігерді бейнелеу, ата-аналарымен бірге қызықты ойындар ойнаған балалар танымдық орталығы жұмыс істеді.
   Табиғат залында орман дыбыстары- құстардың әні, жылғаның ағуы, желдің шуылын тыңдауға, бізде тіршілік ететін аңдардың қылығы туралы әңгімелер тыңдауға, жұмбақтар мен кроссвордтар шешуге, ойындар ойнауға мүмкіндік алды. Ересектер өзінің балалық шағын еске түсіріп, фильмоскоптан 1970-жылдардағы диафильмдерді тамашалауға, радиолаға 1960-жылдардағы сүйікті күйтабақтарын қойып, сия сауыт пен құс қанаты қаламымен жазға мүмкіндік алды.
   Бұл кеште мұражайда әркім ұлттық киімдер, әскери гимнастерка киіп және естелік фотосуретке түсуге мүмкіндік алатын фотоателье жұмыс істеді.
Мұражай ұжымы түнгі мұражайда жұмыс істеп, бізге көмек көрсеткен-М. Тобағабыловаға, С.С. Әзімжановаға, Н. Х. Иржановаға, В.А. Иванкоға, А. Паульға, И. Таранға алғыс білдіреді.

18052017 318052017 9

18052017 1118052017 14

 

«Мерт болғандардың даңқына, тірілердің атына»

   Мамырдың мерекелік күндерінде Денисов тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына арналған іс-шаралар топтамасын өткізді.
   «Ұрпақтардың білгені дұрыс...» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай көрме мен лекциялар топтамасы кәсіптік колледжде, № 2 Денисов орта мектебінде және Алчанов негізгі мектебінде өткізілді (қамтылуы 255 адам).
   «Мерт болғандардың даңқына, тірілердің атына» мұражайдың стационарлық экспозициясы бойынша барлық жастағы мұражай келушілері үшін тақырыптық экскурсиялар топтамасы өткізілді. (қамтылуы - 150 адам);
   «Қырық бірді, қырық бесті есте сақтаймыз...» мерекелік бағдарлама Алчанов негізгі мектебі ұстаздары мен оқушылары үшін өткізілді. (қамтылуы - 60 адам.)
   Мұражайдың фойесінде соғыс кезіндегі біздің жерлестеріміздің ерліктері туралы әңгімелейтін «Соғыс жолдары» атты көрме жұмыс істейді. Өлке тарихына бей-жай қарамайтын жерлестеріміздің көмегімен 25 жыл мұражай қызметкерлерінің жинақтаған бірегей фотобейне материалдары бар соғыс жолдары көрсетілген (қамтылуы - 816 адам);
   «Екінші дүниежүзілік майдандарында» лекциялар топтамасы. Аудан орталығының білім мекемелерінде 6 лекция оқылды, 140 адамды қамтыды.

 

07052017 307052017 4

07052017 1207052017 13

 

  «Жүректері бірлікпен тығыз астасқан»

Қазақстан халықтары бірлігі күні қарсаңында мұражай қызметкерлері Некрасов ауылының тұрғындары үшін «Жүректері бірлікпен тығыз астасқан» атты Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына байланысты зияткерлік –танымдық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның өту барысында қонақтар толеранттық туралы, Қазақстан халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары туралы және Қазақстан халықтары Ассамблеясы тарихы туралы білді. Қонақтар екі раундтан тұрып, білімдерін тексеруге арналып, әрқайсысы өзі таңдаған номинация мен күрделілігіне қарай сұрақтар болған «Қазақстан-достық мекені» зияткерлік-танымдық ойынға қызығушылықпен қатысты. Іс-шара соңында «Қазақстан- көпұлтты ел!» бейнеролик көрсетілді.

01052017 101052017 2

01052017 301052017 4

01052017

 

«Кел, төрле, мейірлі Наурыз!»

   Біздің жас ұрпағымызды қазақ халқының салт-дәстүріне араластыру, отбасылық құндылықтарын құрметтеп және қорғап алу мақсатында, Наурыз мерекесі қарсаңында мұражай қызметкерлерімен № 3 Денисов орта мектебінің 7 сынып оқушыларына арналған «Кел, төрле, мейірлі Наурыз!» конкурстық бағдарламасы өтті.
   Әжелер мен немерелері конкурс қатысушылары болды.
Іс-шара барысында сайыскерлеріміз тамаша өнері мен дарындылығын көрсетті. Іс-шарада домбыра әуендері сүйемелдеуімен біздің конкурсанттардың өздері шығарған өлеңдері тамашаланды. Конкурс қатысушыларымен «Бесікке салу», «Қырқынан шығару», «Тұсау кесу» қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетілді.
   Сонымен қатар әжелер мен немерелері, қонақтарға, өз қолдарымен жасалған өнер бұйымдарын көрсетті. «Білгенге маржан» конкурсында қатысушылар «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» тақырыбы бойынша жарқыраған білімдерін көрсетті, ал ұлттық тағамдар «Наурыз дастарханы» конкурсында әжелер дәмді және тәтті ұлттық тағамдар әзірлеп әкелді.
   Әрине Наурыз мерекесі ән мен жырсыз болмайды! Конкурсқа қатысушылар көңіл көтеру «Караоке такси» ойынында көңілді, әсерлі және жылы шырай ықыласымен қазақша өлеңдерін шырқады. Конкурстың аяқтауында қатысушылар жүлделермен және дипломдармен марапатталды.
Бұл мереке Наурыз туралы оқушылардың білімдерін тек қана бекітпей, сонымен қатар қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлері мен фольклоры туралы ой өрісін кеңейтті.

14032017 214032017 4

14032017 514032017 8

14032017 314032017 6

14032017 714032017 9

 

     2017 жылдың 14 наурыз күні Денисов тарихи - өлкетану мұражайына «СОFСО» қытай компаниясының өкілдері келді. Қонақтарды Ғазезов Бекзаттың орындаунда «Елім-ай» тамаша, қазақ өлеңімен қарсы алдық.
   Шетелдік қонақтар жарқын және тамаша келе жатқан Наурыз Мерекесіне арналған «Құтты болсын шалқар тойың» атты Лисаков мұражайының жылжымалы көрмесінің бірінші келушілері болды.
   Мұражай қызметкерлері қонақтарды мұражай экспозицияларымен таныстырды, Денисов ауданының тарихы туралы айтып берді.
   Экскурсияның аяқтауында қонақтар мұражай туралы өзінің мейірімді тілектерін сын-пікір кітабында жазып қалдырды.

1403201714032017 1

 

 

 

 

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 71 гостей на сайте