Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» жолдауын жүзеге асыру мақсатында, 14 қыркүйек күні Денисов тарихи – өлкетану мұражайында жастар ресурстық орталығымен ұйымдастырылған кездесу өтті, мұнда мұражай қызметкері «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы туралы, «Қазақстандық Аркаим – өркениет ізі» туралы айтып берді. Іс - шараның соңында мұражай ауласында «Рухани Жаңғыру» атты флэшмоб ұйымдастырылды.

1409201714092017 1

 
There are no translations available.


   Денисовский историко-краеведческий музей каждый год приглашает на свои мероприятия детей, отдыхающих в лагере «Солнечный». Нас уже посетили ребята двух смен, которые с удовольствием познакомились с экспонатами, рассказывающими об истории нашего родного края, сделали памятные фотографии.
   Мероприятие, посвященное Дню Столицы, проведено для детей всех отрядов. Включало в себя видеолекторий по истории Астаны, презентацию «Астана – город мира и надежды», передвижную выставку «Сердце столицы – как все начиналось...». Выставка была подготовлена для детского лагеря, а также для посетителей музея.
   Для старших отрядов был подготовлен лекторий, посвященный 100-летию партии «Алаш», выставка на электронных носителях, представившая фотодокументальный материал по деятельности А. Байтурсынова, А. Букейханова, М. Дулатова. Интересный исторический факт: в 1918 году Мыржакып Дулатов несколько дней проездом был в п. Денисовка, о чем сохранилось документальное свидетельство в архивных источниках. Сейчас в музее работает передвижная выставка Лисаковского музея истории и культуры Верхнего Притоболья «Лидер партии «Алаш» - Алихан Букейханов».
   О важном историческом событии новейшей истории Казахстана – открытии международной выставки «ЭКСПО – 2017. Энергия будущего» ребята узнали из музейного лектория, который включал в себя рассказ об истории этих уникальных выставок в мире, фрагмент репортажа о грандиозном открытии ЭКСПО – 2017 в Астане.

1807201718072017 1

18072017 218072017 3

 

 «Менің алуан жүзді Қазақстаным»


   «Этникааралық және конфессияаралық келісімін бекіту» мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобасын іске асыру аясында көрме қатысушылары мен мастер – класс өткізушілер үшін, фотографтар, суретшілер және әр түрлі бағыттағы қолданбалы-сәндік шеберлерінің мастер – класс өткізуімен, қатысушылар марапаттаумен, 2017 жылғы 14 маусында Денисовка ауылында «Ашық аспан астында Денисов ауданының халық шығармашылығы «Менің алуан жүзді Қазақстаным» вернисаж - көрмесі» өтті.
   Көрмеге Н.С. Кищук – тапсырыс берушінің өкілі, «Денисов ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы, Биктимисова А.Е. – жобаның жабдықтаушысы, «Табыс» даму орталығы» ҚБ төрағасы, Н.И. Таран жобаның жабдықтаушысы, «Табыс» даму орталығы» ҚБ төрағасы қатысты.
   Көрмеге Денисов ауданының 10 қатысушылары қатысып өзінің жұмыстарын шығарды. Жоба аясында бүкіл қатысушылар естелік сыйлықтармен белгіленді.

1406201714062017 1

14062017 214062017 3

14062017 414062017 5

14062017 6

 

   Денисов тарихи – өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығына арналған келесі іс-шаралар өткізілді: 7 сәуірде «Денисов кәсіптік – техникалық колледжі» КМҚК «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» заңын түсіндіру әңгімесі өткізілді. Әңгімеде 1 курс студенттері Қазақстан Республикасының рәміздері туралы терең білім алды, іс-шараның соңында бейнефильмді тамашалап алды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздерінің 25 жылдығы мерекесі қарсаңында Денисов колледж студенттері үшін мұражай қызметкерлерімен «Тәуелсіздік, Бірлік пен Келісім белгісі» зияткерлік-танымдық ойыны өткізілді, ойын барысында балалар еліміздің басты рәміздері туралы тамаша білімдерін көрсетті. 30 сәуір күні Денисов тарихи – өлкетану мұражайы қабырғасында «ҚР Мемлекеттік рәміздерінің тарихы» жексенбілік тақырыптық кинозалы өтті.

0406201704062017 1

04062017 204062017 3

04062017 404062017 5

04062017 6

 

   Саяси қуғын - сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Денисов тарихи-өлкетану мұражайы қызметкерлері Аудандық Мәдениет Үйі, Некрасов ауылдық кітапханасы, Денисов орталық аудандық кітапханасымен бірге іс-шаралар топтамасын өткізді.
   Орталық кітапханада 1930-1940 жж. жер аударылғандар мен қуғын-сүргін туралы әңгімеленді, «Қазақстандағы сталиндік қуғын-сүргіндер», «Жүзжылдық естелігімен мәңгілік..» көрсетілімдері көрсетілді. Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының күшіне енгеніне 20 жылдығын атап өтті. «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының кеңесшісі Б.Д. Габдулин, мұражай директоры Н.И. Таран, қызмет көрсету бөлімінің кітапханашысы Е.И. Цихач, К.К. Курманбаева, А.П. Кункель, И.С. Мартынова, Л.Ф. Колесникова (жер аударылғандар отбасы мүшелері) Қазақстанға еріксіз көшірілген, еш үлессіз қалған халыққа қазақ халқының көмек қолын созуы мен олар өз жанұяларының қайғылы тарихы, оларды ата-аналарының қалай бастан кешіргенін әңгімелеп айтқанда көз жастарын тоқтата алмады. Іс-шара жылы райда өтті, көптеген қатысушылар әңгімеге араласты. Біздің қонақтарымызға естелік ретінде кітаптар сыйланды.
   Некрасов ауылдық кітапханасында ауыл тұрғындарына арналған «Ұрпақтар есте сақтасын» атты саяси әңгіме сағаты өткізілді. Іс-шарада 1930-1940 жж. жер аударылғандар мен қуғын-сүргін кезеңі – 20 ғасыр тарихының қайғылы беттері туралы кітапханашы Е.И. Чичулина әңгімелеп айтты. Мұражай қызметкері сол жылдардағы Қазақстандағы, Қостанай облысы мен Орджоникидзе (Денисов) ауданындағы оқиғалар туралы әңгімелеп берді. Сөз алған қуғын-сүргінге ұшырағандар отбасының мүшелері - Л.Г. Кузнецова, Т.В. Курбатова, Л.И. Гулакова, К.К. Утегеновалар өз жақындарының қайғылы өмірі мен туғандарының үзілген тағдыры туралы көздеріне жас ала отырып әңгімеледі.
   Аудандық Мәдениет үйінде қуғын-сүргінге ұшыраған отбасы мүшелері өздерінің отбасылық мұрағатынан әкелген құжаттары мен естеліктерімен бөліскен «Тарихты түзей алмайсың...» деп аталатын іс-шара өтті. Мәдениет үйінің әншілерінің орындауында жанға әсер ететін әндер шырқалды. «Жүзжылдық естелігімен мәңгілік..» көрсетілімінде Денисов тарихи-өлкетану мұражайы қорынан сол кезеңнің құжаттары, сирек кездесетін фотосуреттер көрсетілді.

3105201731052017 1

31052017 231052017 3

31052017 431052017 5

31052017 631052017 7

31052017 8

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 72 гостей на сайте