Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

Мұражайда ерекше қонақтар.


   Денисов тарихи-өлкетану мұражайында мүмкіндігі шектеулі кісілер үшін жыл сайынғы күзгі кездесулер ізгі жақсы дәстүрге айналды.
   Осы жолы «Ұмай» Денисов ауданының мүгедектер қоғамының мүшелері біздің өлкеміздің әр алуан жануарлар әлемімен танысты. Іс-шара барысында оларға мұражайдағы табиғат залы бойынша тақырыптық экскурсиясы ұйымдастырылды, содан соң олар танымдық интербелсенді ойынына қатысты, мұнда олар өсімдіктер дүниесі мен хайуанаттар әлемі туралы өздерінің білімдерін байытты. Бейнелеу өнері мен графика экспозициясында біздің қонақтарымыздың назарына жаңа суреттер ұсынылды - Денисов төңірегінің әсемділігін бейнелеп көрсетілген, қостанай суретшілерінің пейзаждары ешкімді да селсоқ қалдырмады.

1910201719102017 1

 

   18 қазан күні балаларды Отанға деген сүйіспеншілілігін, отаншылдық сезімін тәрбиелеу мақсатында, соғыс жылдары біздің жерлестерімізбен ерлігі үлгімен, Денисов тарихи – өлкетану мұражайында жастар ресурстық орталығымен ұйымдастырылған кездесу өтті,
Іс-шараның тақырыбы: «Денисовшылар Ұлы Отан соғының майданында». Экскурсовод оқушыларға жерлестеріміздің ерлігімен таныстырды, Кеңес Одағының Батырлары туралы айтып берді. Іс - шараның соңында балаларға интербелсенді парақтар үлестірілді, мұнда оқушылар сұрақтарға жауап берді. Бекпутина Р.Ж., әскери қызметке жинау бойынша бөлім бастығының көмекшісі іс-шараны қорытындады.

1810201718102017 1

 

 Қостанай қ. өлкетанушылар халықаралық форумы.

   2017 жылдың 12 қазан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде «Өлкетану - кіші Отан кеңістігінде отансүйгіштіктің рухани негіздерін тәрбиелеу факторы» Халықаралық форумы өтті, мұнда ғалымдар, тарихшылар, өлкетанушылар, мұражай қызметкерлері, мұғалімдер, мұрағаттанушылар, кітапханашылар, мәдениет қызметкерлері, Қазақстан, Ресей, Ұлыбритания ҮЕҰ қатысты.
   «Өрлеу» Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты форумның ұйымдастырушысы болды.
   Осы іс-шараға Денисов ауданының делегациясы белсенді қатысты – Заәйет ОМ тарих пәні мұғалімі Ж. Т. Аралбаева көрменің қатысушысы болды, мұнда өлкетану мен туризм бойынша мектеп жұмыстары көрсетілді, сонымен қатар мектеп мұражайының экспонаттары көрсетіп шығарылды. Интербелсенді алаң жұмысында Жұлдызай Төребекқызы әріптестерімен өзінің «Сакралды география – рухани аспект» тәжірибелі жұмысымен бөлісті.
   Денисов тарихи – өлкетану мұражайының директоры Н.И. Таран «Тарихи және мұражайлық өлкетану – ұлттық сәйкестіктің тірегі» секциясында «Мұражай жинақтары тарихи естелікті қалыптастырудың қайнары ретінде» баяндамасымен сөз сөйледі.
   Бүкіл форум қатысушыларына естелік сертификаттары ұсынылды.

1210201712102017 1

12102017 2

 

 

«АЛАШ» партиясының жүз жылдығына.

2017 жылдың 27 қыркүйек күні Денисов ауданының делегациясы, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде өткізілген, «Алаш тағылымы және Тәуелсіздік» аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысты. Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы, Қостанай Мемлекеттік педагогикалық институты, «Социум&я» қоғамдық бірлестігі осы іс-шараның ұйымдастырушылары болды. Конференцияда Қазақстанның белгілі ғалымдары, қоғам қайраткерлері «Алаш» қозғалысының тарихы туралы, «Алаш» құндылығы қазақ мемлекеттілігінің контексінде туралы, жастарға патриоттық тәрбие беруде «Алаш» партиясы рухани мұрасының рөлі туралы сөз сөйледі.

 

   2017 жылдың 22 қыркүйек күні Денисов тарихи – өлкетану мұражайында Қазақстан халықтарының тілдер күні мерекесіне арналған «Тіл - тірегіміз, соғып тұрган жүрегеміз» атты ойын бағдарламасы өтті.
   Қостанай қ. АҚ «ҚазақТелеком» Денисов ЖТЦ ЖЖ ТҚО қызметкерлері мұражайдың қонақтары болды.
   Іс-шара барысында «Қазақстан халықтары» атты жаңа көрмесінің тұсаукесері өтті, мұнда мұражай келушілері Қазақстанда тұратын халықтарының тарихы, этнографиясы, тілі туралы қызықты мәліметтер біліп алды, сонымен қатар қазақ домбырасы, орыс балалайка, неміс мандалина, армян ұлттық шертпелі аспаптардың дыбыстарын ести алды.
   Қонақтар мұражайда ұйымдастырылған мәдениет орталықтары бойынша саяхат жасады: ұлттық ойындарға қатысты, салт-дәстүрлер туралы біліп алды, викторина сұрақтарына жауап берді. Білімдарлар естелік сықлықтармен марапатталды.

2209201722092017 1

22092017 222092017 3

22092017 422092017 5

22092017 622092017 7

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 78 гостей на сайте