Выбор языка
Главная страница

PostHeaderIcon Жаңалықтар

   2018 жылғы 23 ақпан күні Перелески ОМ 4 сынып оқушылары үшін Денисов ауданының мәдениет қызметкерлерімен Денисовка ауылының атаулы және тарихи жерлері бойынша мәдениет мекемелеріне баруымен экскурсиялық тур ұйымдастырылды.
   Жас экскурсанттар «Трактор ДТ-54» алғашқы тың игерушілеріне арналған ескерткішіне, «Керей мен Жәнібек» мүсін тобына, 1919 жылғы оқиғаларына арналған, Тобыл өзенінің биік жағасындағы ескерткішіне, Жауынгер ескерткішіне, сондай-ақ көне ғимараттар мен Денисовка ауылындағы жаңа саябақтарына барды, биыл Денисовка а. 115 жылдығын тойлайды.
   Экскурсиялық бағдарламаға тарихи-өлкетану мұражайына, орталық балалар кітапханасына және аудандық мәдениет Үйіне баруы енгізілді, онда балаларға қызықты бағдарламалар ұсынылды: шолу және тақырыптық экскурсиялар, ойын бағдарламалары мен үлкен LED – экрандағы мультфильмдерді қарап шығуы.
   Біздің ойымызша, балаларға бұл экскурсиялық тур естерінде қалады және олар өзінің кіші Отанының тарихы туралы тіпті жақсы біліп алады.

2302201823022018 1

23022018 223022018 3

23022018 423022018 5

 

   Денисов тарихи-өлкетану мұражайында № 3 орта мектебінің сынып оқушыларына арналған «Масленица аптасында» атты этнографиялық мерекесі өткізілді.
   Балалар қысты шығарып салу тамаша славян мерекесі туралы, масленица апталығының салт-дәстүрлері, әр күнінің атауы туралы біліп алды. Біздің жас келушілерге көне орыс ойындарын ойнауға, әсіресе, жұмбақтарға жауап беру, қағаз блинмен басында кросс жүгіру ұнады. Ойындардан кейін балалар тәтті тағамнан – блиннан дәм тәтті. Тамақ ішіп қуаттанғаннан кейін, мұражай қонақтары масленица тұлыбын жағып, Қысты шығарып салды, Көктемді шақырды.

 

   № 2 Денисов орта мектебінің тоғызыншы сынып оқушыларына мұражайда тарих сабағы өткізілді. Мұнда олар «Денисов ауданында тың және тыңайған жерлерді игеру» тақырыбын игерді.
   Ауданның 1950 – 1980 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуытуралы, мұражай экспозициясынан оқушылар білім алып шықты. Тың кеңшарларының, әлеуметтік-мәдени объектілердің құрылысының ұйымдастыруы туралы, көптеген одақтас республикалардан тың жерлеріне келгендердің, Қазақстанның жергілікті тұрғындарымен бірлесіп жеңіп шыққаны қиындықтары туралы мұражай қызметкерлерінің қызықты әңгімесі біздің келушілер назарына ұсынылды.
   Балалар тың уақытындағы экспонаттарымен танысып шықты, оларға біздің жерлестеріміз – Социалистік Еңбек Ерлері туралы баяндайтын презентациялар, «Қазақстан тыңы» деректі фильмі қарауға ұсынылды. Сабақ соңында оқушылар интерактивті карточкаларды толтыра отырып, өз білімдерін тексерді.

1302201813022018 1

13022018 213022018 3

13022018 4

 

«Творчество – это загадка,
которую художник задает сам себе»
Станислав Ежи Лец

   2018 жылғы 7 ақпан күні Денисов тарихи – өлкетану мұражайының қабырғасында көрме залында көркем сурет мектебінің оқушылар үшін «Әсемділікті көру өнер» салтанатты интерактивті іс-шара өтті.
   Алдымен біздің қонақтар Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сурет галереясының «Көшпенді мәдениет пен табиғат бірлігі» көшпелі фотокөрмесін тамашалап көріп өтті.
   Содан кейін балалар Қазақстан суретшілер Одағының мүшелері, біздің облысымыздан алыс жерлерде белгілі: Георгий Соковтың, Светлана Шалунованың, Николай Торшинның, Юрий Новоселовтың, Наталья Халифаеваның, Николай Гончаровтың, сондай-ақ біздің жерлестеріміздің жұмыстармен: Алексей Беговтың және Валерий Сейтбаталов мүмкіндігі шектеулішексіз суретшісі жұмыстарымен танысты.
   Мұражайдың жас келушілері 2007 жылғы Қостанай облысының Меценат Клубының лауреаты, 2008 жылы мамыр айында Мәскеуде өткен «Филантроп» халықаралық конкурсының жеңімпазы
«Жеңу. Мүмкіндік шекарасы» номинациясындағы, В. Сейтбаталовтың өмірі мен шығармашылығы туралы білді.
   Кішкентай суретшілер өнер туындыларын көруге және түсінуге үйренді, сұрақтар қойды және оларға мұражай экспозициясыларынан жауаптар тапты, белсенділілік парақтарымен жұмыс істеді, қуана-қуана сурет салды.

0702201807022018 2

07022018 107022018 3

07022018 407022018 5

07022018 607022018 7

 

«Болашаққа көзқарас ғасырлар арқылы»

   "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" Президентінің бағдарламалық мақаласы бойынша жұмысының негізгі мақсаты - рухани және мәдени құндылықтарды сақтап және оны дамыту.
Бүгін, болып жатқан саяси, макроэкономикалық үрдістеріне қарасақ, рухани құрамдас бөлігі өте маңызды. Барлық әлемдік өркениеттер негіздеріне, дәл ол күш, сенім, мызғымастықты береді.
   Ал, біздің жас мемлекет үшін, бұл барлық негіздерінің бастайтыны. "Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асырудың негізгі аспектілерін қозғасақ,
біздің мұражайда бірқатар іс-шаралар жүргізілуде, жаңа патриоттық сананы қалыптастыруға бағытталған .17012018
   Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу жоспарына сәйкес Денисов тарихи-өлкетану мұражайында, Қостанай облыстық тарихи-өлкетану мұражайының сурет галереясының Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған «Көшпенді мәдениет пен табиғат бірлігі» атты жылжымалы фотокөрмесінің ашылуы өтті, мұнда кәсіби-техникалық колледжінің 1 курс студенттері қостанай фотосуретшілерінің - біздің жерлестеріміздің жұмыстарымен танысты. Көрме музыкалық нөмірлермен сүйемелденді аудандық мәдениет Үйі қызметкерлері Уалиханов Азамат пен Ілімжанов Тайжанның орындауында.17012018 1
   Көшпелі мәдениеттің құндылықтары қалай сақталатының қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерінде, халық шығармашылығында, ұлттық киімдерінде, музыка өнерінде, ұлттық ойындарда және спорттық жарыстарда, осыны фотографтар өз жұмыстарында көрсетуге ұмтылды.
   Олег Яблочкинның «Жайылған бір үйір жылқы» түсірілген фотосуретінің сюжеті өзінің қайталанбас сұлулығымен шеберлікпен өзіне қатыстырады. Николай Соловьевтың эмоционалдық және динамикалық кадрінде «көкпәр» ұлттық ойынының жарқын сәті бейнеленген.
   Наурыз мерекесі кезінде жасалған фотосуреттер экспозицияның ажырамас бөлігі болып табылады, көктемгі күн теңелуін көрсететін ғана емес, сонымен бірге табиғаттың көктемгі құлпыруымен, оның ұлттық ойындарымен «көкпар», «қыз қуу», «тоғыз құмалақ», «қазақша күрес», салт-дәстүрімен бірге. Біздің ата-бабаларымыздың асыл мұрасы мыңжылдықтар арқылы бізге жетті.
   Біз оны домбыра дыбысынан, созылыңқы әнде, шеберлерінің жұқа саусақтар ептілігінде қабылдаймыз, оның тамаша, үлгі-өнерінде көреміз.
   Көрмеде көрсетілген, көркем фотосуреттерінің қызықты сюжеттерінде және деректі суреттерінде, көрермен қазақстандықтардың өмір салауаты өткен тарихпен және қазіргі заман мәдениетінің тығыз байланысын өз көзімен көреді

Аудан тұрғындары мен қонақтарын көрмені көруге шақырамыз, ол мұражайында бір ай істейді.



 

 
Другие статьи...
Сейчас на сайте находятся:
 23 гостей на сайте